Құрбан айт қарсаңында Алматыда карантин күшейтіледі
Алматының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин оңтүстік астанадағы карантин туралы жаңа қаулыға қол қойды.
20:39 15.07.2021
Құжатқа сәйкес, аудан әкімдеріне, мемлекеттік органдарға, құқық қорғау және арнайы органдарға, ұйымдар мен мекеме басшыларына, Алматы қаласы дін басқармасына ,ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау лматы қаласкомитетінің Аы бойынша аумақтық инспекциясына, Алматы қаласы орталық мешітнің бас имамына «Құрбан айт» мерекесі кезінде 20 шілдеден 23 шілдеге дейін:
- Алматыда коронавирус инфекциясының күрт өсуіне байланысты, меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда, сондай-ақ жеке үй шаруашылықтары мен мешіттерде адамдардың жаппай жиналуы сипатында іс-шаралар өткізуге ( оның ішінде айт намазына) тыйым салынады;
- БАҚ, әлеуметтік желілер және тағы басқа да құралдар арқылы онлайн режимде құрбандық шалуды (құрбан шалуды) ұйымдастыру туралы халыққа түсіндірі жұмыстары жүргізілсін;
- Алматы қаласының аумағында 19-22 шілде аралығында мал сою орындары мен базарлардың жұмысына ( соның ішінде тірі күйінде), сондай-ақ союға тыйым салынады;
- Qurban2021.kz веб-сайтына өтініштер бере отырып, құрбандық шалу (Құрбандық);
- Мұқтаж адамдарға тарату кезінде қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілген адамдарды тарта отырып тез бұзылатын өнімдерді (құрбандыққа шалынған малдың етін) тасмалдау және сақтау жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау;
Қаулыда 16 шілде мен 22 шілде аралығында Алматыға кіреберісте қала аумағына жануарларды әкелуге жол бермеу және жолын кесу жөніндегі бекеттер ұйымдастырылатыны айтылған. Алайда бұл тыйым онлайн режимде құрбандық шалуға қатысты емес.
Құжатпен толықтай мына сілтемеден танысуға болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!