Алматы облысында сел жүріп өтті
Алматы облысының Кербұлақ ауданында нөсер жаңбырдан кейін қатты сел жүрді.
13:11 16.07.2021
Селдің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сел 14 шілде күні сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін Алматы облысы Кербұлақ ауданы Көксу ауылдық округінде болды.
«Көксу шатқалында жаңбыр мен бұршақ түріндегі қатты жауын-шашынның салдарынан балшық ағыны жүріп өтті. Осыған байланысты Көксу орман шаруашылығының бірінші кордонына апаратын жол жабылды. Қазір сел тоқтады. Жол тазартылды. Зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.
Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті күн сайын облыс аумағында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел болатыны туралы ескерту жариялайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!