50 градус ыстықта жаңбырды жасанды жолмен жаудырды
Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) әр түрлі аймақтарында сәрсенбіден бастап жауын-шашын тудыратын жаңа технологияларды сынау салдарынан 50 градус ыстыққа қарамастан нөсер жауын төгіп тұр.
15:51 16.07.2021
"Жаңбыр БАӘ-дің Хатта ауылының солтүстігінде Хаджар таулы аймағында, Вади аль-Хилу, Калба жолы және Хувайлат аудандарында жауды", - деп жазады жергілікті Storm center ауа райы порталы.
Атаулы технологиялар құрғақ жаз маусымында қолданылады. Ұлттық метеорологиялық бюро, өз кезегінде, араб әмірлігінің астанасы Абу-Дабиге жақын Аль-Айн елді-мекендерінде ауа температурасы 47 градусқа дейін көтерілген уақытта жаңбыр жауды деп хабарлайды. Синоптиктердің айтуынша Біріккен Араб Әмірліктерінде бұлттарға су себу бойынша арнайы тәжірибелерден кейін жазғы маусымда, Әмірліктерде жауын-шашын күтілмеген уақытта жаңбыр жауған.
Ыстық және құрғақ БАӘ-де үкімет жаңбыр тудыратын технологияларды белсенді түрде дамытып жатыр, атап айтсақ, осы көктемде жауын-шашынның көбеюінің жаңа тәсілдерін сынау басталды. Осы мақсатта Әмірліктерде химиялық қосылыстар қолданбай бұлттағы электр разрядтарын пайдаланып жауын жауғызатын дрондарды қолдана бастады.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!