Петропавлда 4 ай бұрын жоғалған қыздың денесі табылды
Солтүстік Қазақстан облысында сәуір айында жоғалған 22 жастағы бойжеткен өлі табылды, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.
11:10 05.08.2021
ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 тамыз күні сағат 19.00 шамасында «102» пультіне өлген әйел адамның денесі табылғандығы жөнінде хабарлама түседі. Мүрде Петропавлдағы «Речпорт» ауданында орналасқан тазарту құрылыстарынан табылған.
Оқиға орнына бірден жедел-тергеу қызметі шығып, тиісті шараларды атқарды. Табылған мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Оның қорытындысы бір айдан кейін белгілі болмақ. Алдын ала болжам бойынша, бұл - сәуір айында жоғалған бойжеткеннің мәйіті. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.
1998 жылы туған Елизавета Матюхина Петропавл қаласындағы Уәлиханов көшесінде орналасқан үйден 3 сәуір күні түскі 12 шамасында шығып, жоғалып кеткен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!