Өскемен мен Семейде демалыс күндері қоғамдық көлік жүрмейді
ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің айтуынша, бұл - коронавирус инфекциясының тез таралып кетпеуін және облысты «қызыл» аймақтан шығару үшін амалсыздан жасалып отырған шара.
11:34 05.08.2021
Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың 41%-ы Семейде, 34%-ы Өскеменде тіркелген. Риддер, Глубокое және Ұлан аудандарында вирус жұқтырғандардың саны өсіп барады. Осыған байланысты санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бақылауды күшейту үшін демалыс күндері қоғамдық көлік қозғалысын шектеу туралы шешім қабылданды.
«Барлық тамақтану орындарының жұмысы қатаң бақылауда болады. Бизнеске жасалған жеңілдіктер санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтамау дегенді білдірмейді. Сондықтан, кәсіпкерлер де өз нысандарын қадағалаулары керек», - деді Д.Ахметов.
Сондай-ақ ол вакцинация қарқыны бойынша облыс жақсы нәтиже көрсетіп отырғанын айтты. Вакцинаның екі компонентін 325 мыңнан астам адам алған.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!