{metadescription}
Петропавлда педофилдер екі кішкентай қызды зорлап кетті

Петропавлда педофилдер екі кішкентай қызды зорлап кетті

Петропавлда сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылықтан екі қыз зардап шекті.

Олардың бірі 9, екіншісі 13 жаста. Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралып кетті. Тіпті педофилдердің суреттері де жарияланған. Полиция бұл ақпаратты растады. Онда қылмыстардың бірі 3 тамызда, екіншісі сол күннің ертесі болғаны хабарланды. Зорлық-зомбылық әрекетін екі адам жасаған. Күдіктілердің бірі ұсталды.

"2021 жылдың 3 тамызында облыс орталығының бұрын сотталған тұрғыны кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы әрекет жасады деген күдікпен ұсталды. Дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігі "Кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді өңірдің Полиция департаменті баспасөз қызметіндегілер.

Ал 4 тамызда басқа кішкентай қызға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасалғаны туралы хабарлама түсті. Бұл факті де Қылмыстық кодекстің 121-бабы  4-тармағы бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне енгізілді. Қазіргі таңда кінәлі адамды анықтау және ұстау бойынша жедел іздестіру шаралары жүріп жатыр.

Екінші күдіктінің ұсталғаны туралы әзірге ақпарат жоқ. Екі қылмыс та қылмыстық құқық бұзушылық картасына енгізілген. Онда шабуылдардың бірі тубдиспансер маңындағы далада, екіншісі Тауфик Мұхамед - Рахимов атындағы көшеде болғаны көрсетілген.

Ведомствоның баспасөз қызметі екі қылмыста Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің басшылығы мен облыстық прокуратураның ерекше бақылауында екенін атап өтті. Сонымен қатар тәртіп сақшылары ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауды сұрады.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде