{metadescription}
Семейде көлік қаққан зейнеткер көз жұмды

Семейде көлік қаққан зейнеткер көз жұмды

Семей қаласында көлік қаққан 63 жастағы зейнеткер әйел қаза болды.

Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы кеше түнде Шәкәрім даңғылында болған. «ВАЗ 21103» автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі рұқсат етілмеген жерден өтіп бара жатқан зейнеткерді қағып кетті.

«Ауыр дәрежедегі дене жарақатын алған 63 жастағы жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде