{metadescription}
Елордада жол апатынан екі бала көз жұмды

Елордада жол апатынан екі бала көз жұмды

Кәмелет жасына толмаған екі бала Нұр-Сұлтандағы айналма жолда болған жол апатынан көз жұмды.

Елордада 4 тамыз күні сағат 22:30-да «Howo» маркалы автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі Қорғалжын тасжолы жағынан айналма жолмен келе жатып, Тілендиев даңғылына қарай жол бойында тұрған «Steyr» маркалы жүк көлігін қағып кеткен.

Жүк көлігі жол бойында тұрған. Артынша Howo машинасына Volkswagen Passat автокөлігі соғылды. Көлікті жүргізіп келе жатқан әйел тежегішті басып үлгермеген.

Жол апаты салдарынан Howo автокөлігінің ішінде отырған 11 және 7 жасар екі бала сол жерде көз жұмды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Howo және Volkswagen Passat жүргізушілері ауруханаға жеткізілді. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.