{metadescription}
Данияр Қайсанов Токио Олимпиадасының жартылай финалында жеңілді
Еркін күрестен 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Токио Олимпиадасының жартылай финалдық белдесулер аяқталды.
15:50 05.08.2021
Аталған салмақта қазақстандық Данияр Қайсанов сынға түскен болатын. Финал жолдамасы үшін таласта Қайсанов екі дүркін әлем чемпионы, ресейлік Заурбек Судаковпен белдесті.
Кездесу ресейлік балуан үшін айтарлықтай қиын болған жоқ. Ол 11:0 есебімен жеңіске жетіп, Олимпиаданың финалына өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Данияр Қайсанов өз салмағындағы қола жүлдеге таласады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!