Балуан Дәулет Ниязбеков Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады
Еркін күрестен қазақстандық балуан Дәулет Ниязбеков Олимпиада ойындарын сәтті бастады.
09:22 06.08.2021
Қазақстандық балуан 1/8 финалында кубалық әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері кубалық Алехандро Вальдеспен кездесті. Екеуара кездесу 21:11 есебімен қазақстандық балуанның еншісіне шешілді.
Белдесудің басым бөлігін кубалық балуан 9:2 есебімен жеңіп тұрғанда Дәулет Ниязбеков үздіксіз нәтижелі әдіс жасап белдесу аяқталғанша 21 ұпай еншіледі. Ережеге сәйкес, ұпай айырмашылығы 10 ұпай болғандықтан Дәулет Ниязбековке уақытынан бұрын техникалық жеңіс берілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары