Коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасы салынбақ
Франция президенті егде жастағы француздар мен денсаулығы нашар адамдарға коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасының салынуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Фото: AP/Esteban Felix
09:36 06.08.2021
Бұл туралы Эммануэль Макрон Instagram-да жариялады.
«Жан-жағынан алып қарағанда, денсаулығы әлсіз және егде жастағы адамдарға вакцинаның үшінші дозасын салу қажет. Біз бұл іске дайындық үстіндеміз. Күздің басынан бастай аламыз», - деді Макрон.
Француз президенті қазіргі уақытта Жерорта теңізінің жағалауында орналасқан Брегансон фортындағы жазғы резиденциясында демалыста, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сол жерден аптаның басынан бері әлеуметтік желілерде француздармен елді коронавирустан қорғау және биліктің жаңа шаралары туралы белсенді түрде талқылау жүргізеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары