{metadescription}
Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 155 адам көз жұмды
Қазақстанда коронавирустан және коронавирус белгілері бар пневмониядан бір тәулікте 155 адам қайтыс болды.
10:10 06.08.2021
Оның ішінде 129 адамда коронавирус инфекциясы ПТР арқылы расталған. Ал 26-сында ПТР тест теріс нәтиже көрсеткен. ВАК ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 6 тамыздағы ақпаратты жариялады. 6 тамыздағы мәлімет бойынша 107 807 адам коронавирус инфекциясынан (104 321 КВИ+ және 3 486 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде
- 30 139 пациент стационарда,
- 77 668 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
- 1 884 адамның жағдайы ауыр,
- 400 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 187 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!