{metadescription}
0:000:00

Көше қиылысында би билеген қызға полиция түсіндіру жұмысын жүргізді

Елордадағы Керей-Жәнібек және Мәңгілік Ел көшелерінің қиылысында би билеп, Іnstagram-да қызу талқыланған бойжеткенмен полиция өкілдері түсіндіру жұмысын жүргізді.

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспаөз қызметінің хабарлауынша, «102» арнасына бұл оқиға туралы хабар кешкі сағат 21.03-те түскен.

«5 тамыз күні сағат 21.03-те «102» арнасына Керей-Жәнібек және Мәңгілік Ел көшелерінің қиылысында бейтаныс қыздың үш сағаттан бері билеп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері қыздың кім екенін анықтап, профилактикалық әңгіме жүргізді», - деп жазады департаменттің баспасөз қызметі.

Іnstagram -дағы видеолардан бойжеткеннің өз әрекетін «ешбір заңға қайшы емес» деп есептейтінін көруге болады. Дегенмен полиция бұл жолдағы көлік жүргізушілердің назарын аудару арқылы апат жағдайын туғызуы ықтимал деген ұстанымда.

«Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін жүргізушілердің назарын аудармау керектігін ескертеді», - деп жазылған ресми мәліметте.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде