{metadescription}
Атырауда жол апатынан жүргізуші мерт болды

Атырауда жол апатынан жүргізуші мерт болды

Атырау облысында жол апатынан кәмелетке толмаған жүргізуші мерт болды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, жол апаты бүгін, 6 тамызда сағат 5:00 шамасында болған.

«Атырау - Доссор» бағытындағы жол бойында 52 жастағы азамат басқарған «КамАЗ» бен 17 жасар бозбала жүргізген «ВАЗ-21015» көлігі соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасынан кәмелет жасына толмаған жүргізуші мерт болды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған жол-көлік оқиғасына байланысты ҚР Қылмыстық Кодекстің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.