{metadescription}
Қазақстандық футбол клубы Мессиге ұсыныс жасады
Қазақстандық Премьер-Лиганың «Тұран» клубы Instagram-дағы ресми парақшасында аргентиналық шабуылдаушыға ұсыныс жасады.
15:48 06.08.2021
«Лео Месси, сізді Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістанға шақырамыз!», - делінген клубтың жазбасында.
Еске салайық, бұған дейін «Барселона» Месси командадан кететіні туралы хабарлаған болатын. Тараптар экономикалық ережелер мен шектеулерге байланысты жаңа келісімге келе алмаған. 34 жастағы Месси Каталан клубында 2003 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!