Алматы облысында әйел сәбиін сатпақ болған
Полиция бұл жайлы оны ата-ана құқығынан айыру туралы азаматтық істі қарау барысында білді.
17:03 06.08.2021
Құқық қорғаушылар әйелдің баланы басқа адамдарға тапсырып, асырап алу құжатын рәсімдемек болғанын анықтады, деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"Тексеру барысында әйелдің перзентханадан шыққан соң, заңда белгіленген рәсімдерді орындамастан баласын үшінші тұлғаға өз еркімен бергенін анықтады", – деді полиция.
Әйелдің біраз жыл бұрын да перзентханадан шыққан соң өз баласын басқа адамдарға бергені кейінірек анықталды. Ол белгісіз әйелдің атына сенімхат рәсімдеп, баланы Қазақстаннан тыс алып шығуға рұқсат берген.
"Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 135 бабы “кәмелетке толмағандар саудасы” бойынша қылмыстық іс тіркелді", – деді полициядан.
Тергеу барысында күдікті өз кінәсін мойындап, әрекеті үшін өкінетінін жеткізді. Алматы облысының №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты К. есімді азаматшаны кінәлі деп таныды. Оған бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Алайда екінші баласының кішкентай болуына байланысты ол 14 жасқа толғанға дейін жаза кейінге қалдырылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!