{metadescription}
Токио-2020: Данияр Қайсанов өзбек балуанынан жеңілді
Еркін күрестен Токио Олимпиадасында 74 келі салмақта белдесіп, қола медальға күрескен Данияр Қайсанов қарсыласына есе жіберді.
17:29 06.08.2021
Қайсанов қола жүлде үшін күресте өзбекстандық Бекзод Абдурохмановпен кездескен болатын. Өкінішке қарай, кездесу басталған бетте Абдурохманов алға ұмтылып, белдесуді уақытынан бұрын бітірді.
Есеп - 13:2, өзбек балуанының жеңісі, деп хабарлайды Olympic.kz. Данияр Қайсанов Олимпиада ойындарын бесінші орынмен аяқтап отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!