{metadescription}
Ольга Рыпакова спорттан кетпегенін мәлімдеді

Ольга Рыпакова спорттан кетпегенін мәлімдеді

Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова спорттағы карьерасын аяқтағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Менің бірде-бір жазбамда спорттағы мансабымды аяқтаймын деп жазылған жоқ... Біреу Токио Олимпиадасында үш рет секіруді аяқтағаным туралы ақпаратты таратқаны өте өкінішті. Мен де дайындаламын, өйткені кез келген жастағы спортшы үшін кез келген жарыс - бұл өнер көрсету мүмкіндігі. Алда биыл да, келесі жылы да қызықты жарыстар бар...

Мен журналистер мен блогерлерден жалған ақпарат таратпауды сұрағым келеді. Менің жанкүйерім спорттағы мансабымды аяқтасам, ол туралы бірінші болып біледі. Себебі мен сіздердің әрқайсыңызды бағалаймын және сіздің қолдауыңыз үшін ризамын", - деп жазды спортшы Instagram парақшасында.

2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиада кезінде Рыпакова төртінші орынды иеленді. Алайда оның бәсекелестері допинг қабылдағаны анықталғаннан кейін Ольгаға күміс медаль табысталды. 2012 жылы Лондондағы Олимпиада ойындары кезінде Рыпакова чемпион атанып, 2016 жылы Рио-де-Жанейродан қола жүлдемен қайтты.

Осыған дейін, Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова кәсіби спортпен қоштасатыны туралы ақпарат тараған болатын.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.