{metadescription}
Арыста фосфор тиелген вагондар өртенді: Тұрғындар эвакуациялануда

Арыста фосфор тиелген вагондар өртенді: Тұрғындар эвакуациялануда

Түркістан облысы Арыс қаласының теміржол вокзалында металл контейнерге тиелген сары фосфор жанып жатыр.

Арыс қаласында фосфор тиелген контейнерлер жанып, түтіннің жолындағы тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілуде. Төтенше оқиғаның мән-жайын Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Facebook-парақшасында түсіндіріп жазды.

«Бүгін, кешкі сағат алты жарым шамасында Арыс станциясында Жамбыл облысынан Ресейге фосфор тиеп жөнелтілген екі контейнер отқа оранды. Аудан мен облыстың барлық төтенше күштері жұмылдырылды. Мұндай өртті қалай сөндіру керектігін мамандар жақсы біледі. Алайда, сары фосфор өте ұзақ уақыт жанып жатып алады және түтіні қою болады. Желдің бағыты өзгерген жағдайда, тұйыққа жақын орналасқан шағын аудан тұрғындарының денсаулығына зиян келмес үшін аудан әкімдігі халықты қауіпсіз жерге көшіріп жатыр. Көшірілген тұрғындардың бәрі қала мектептерінің бірінде түнейді. Олар ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Жағдай бақылауда. Мен өзім оқиға орнына шықтым», - деп жазды облыс әкімінің орынбасары.

Мәліметке сәйкес, өртті сөндіру бойынша штаб ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта төтенше жағдайды жоюға жұмылдырылды: ТЖД-ның 26 қызметкері мен 5 техникасы, «ҚТЖ» АҚ-ның 12 қызметкері, 1 техникасы мен өрт сөндіру пойызы, Желілік полиция бөлімінің 20 қызметкері мен 1 техникасы, ҚР Қорғаныс министрлігі 44859 әскери бөлімінің 8 әскери қызметшісі мен 2 техникасы, Арыс аудандық санитарлық -эпидемиологиялық бақылау бөлімінен 3 қызметкер және 1 техника.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.