{metadescription}
БҚО-да ер адам анасын өлтірді

БҚО-да ер адам анасын өлтірді

Күдікті анасының кеуде тұсына дене жарақаттарын салған.

Қайғылы оқиға 9 тамыз күні сағат 18-де Бәйтерек ауданында болған. Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, анасы мен ұлының арасындағы жанжал екеуі бірге спирттік ішімдік ішкеннен кейін туған, деп хабарлайды mgorod.kz.

«61 жастағы әйелдің мүрдесі табылды. Барлық жеке құрам дабыл бойынша көтерілді, іздестіру шаралары жарияланды. Күдікті қылмыстық ізі бойынша ұсталды. Әйелдің 35 жастағы ұлы фактіні жасырып, тергеуді жаңылыстыруға тырысқан. Күдікті мен оның анасының арасында жанжал болғаны, артынша ер адамның анасының кеуде тұсына дене жарақаттарын салғаны анықталды. Әйел алған жарақаттардан қайтыс болды», - деп хабарлады БҚО Полиция департаментінің бастығы Махсұдхан Әблазимов.

Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 3-бөлімі 106-бабы «Өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша соталды тергеу басталды. Толығырақ ақпаратты полицейлер тергеу аяқталғаннан кейін беруге уәде берді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде