Қаршадай қыз жабық жертөледе жалғыз өзі қалып қойған
Өскемен қаласында 8 жастағы қыз жалғыз өзі жабық жертөледе қалып қойған.
19:33 10.08.2021
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 тамызда Күленов кентіндегі Халықтар достығы көшесінде орналасқан жертөледе ойнап жүрген кішкентай қыз есікті жауып алып, қамалып қалған. Ата-аналары құтқарушыларға қоңырау шалып, көмек сұрады.
«Департаменттің мамандандырылған жасағы оқиға орнына жылдам келіп жетті. Олар арнайы құрал-саймандардың көмегімен жертөледегі темір торды бөлшектеп, сол арқылы ішке кірді де есікті ашты. 8 жастағы қыздың денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Осы ретте, облыстық ТЖД мамандары өңір жұртшылығына балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!