{metadescription}
Ақтөбеде банк менеджері тұрғынды қарызға батырды

Ақтөбеде банк менеджері тұрғынды қарызға батырды

Ақтөбеде банк менеджері тұрғынды қарызға батырды.

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны банктен несие бойынша мерзімі өткен төлемдер туралы хабарлама алғаннан кейін полицияға жүгінді. Тергеу барысында полиция қызметкерлері оны қарызға батырған банк қызметкерлерінің бірі жасағанын анықтады. Ағымдағы жылғы наурыз айында 28 жастағы кредиттік кеңесші ұялы телефон сататын дүкенде бола тұра, жәбірленушіге алдау жолымен тауар кредитін ресімдеген.

Күдікті өз кінәсін мойындады. Аталған факті негізінде ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

"Егер сізге несие рәсімделген болса, бірінші кезекте полицияға жүгіну керек. Екіншіден, несие рәсімдеген қаржы ұйымына өтініш жазу керек. Онда сіз ақша алмағаныңызды, қаражаттан бас тартқаныңызды және ішкі тергеу жүргізуді сұрағаныңызды көрсетуіңіз қажет", – деп түсіндірді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.

Дереккөз: polisia.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде