Қызылордада көлік апатынан 2 адам көз жұмды
Қызылорда қаласында екі көліктің соқтығысуынан екі адам оқиға орнында көз жұмды.
09:05 11.08.2021
Оқиға 10 тамыз сағат 19:50 шамасында болды. Астана даңғылының бойында екі көлік соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасынан «Mersedes» автокөлігінің жүргізушісі және жолаушысы сол жерде қайтыс болды.
«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы жағдайы көрсетілген. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның себеп-салдары анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!