{metadescription}
Қазақстанда коронавирустың таралу индексі төмендеді

Қазақстанда коронавирустың таралу индексі төмендеді

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға тоқталды.

«1 тамыздан бастан Қазақстандағы коронавирустың таралу индексі 9 пайызға, 1,11-ден 1,01-ге дейін, Нұр-Сұлтан қаласында көрсеткіш 1-ден, ал Алматыда R саны 19 пайызға төмендеді. Күнделікті мониторингке сәйкес өңірлер шегіндегі төсек-орын жүктемесі осы жылдың 10 тамызындағы жағдай бойынша 328 медициналық нысанда 55 658 инфекциялық төсек-орынды құрайды. Республика жойында жүктеме 54 пайызды құрап отыр. Инфекциялық стационарлардағы реанимациялық төсек-орын саны 4 969-ды құрайды, жүктеме 45 пайыз», - деді министр.

Оның атап өтуінше,елдегі эпидемиологиялық ахуал ушыққан жағдайға әзірленген тағы 7 419 инфекциялық төсек-орын бар.

«Инфекциялық төсек-орындардың ең жоғары жүктемесі Атырау облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында – 69 пайыз, Ақтөбе облысында – 65 пайыз, Алматы қаласы мен Жамбыл облысында - 63 пайыз», - деді Алексей Цой.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.