Мамин маска режиміне қатысты тапсырма берді
Премьер-министр Асқар Мамин Қазақстанда шектеу шаралары мен маска режимінің сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.
10:45 11.08.2021
"Вакцинация пандемиядан шығудың маңызды жолы болып қала береді. Қазіргі уақытта бірінші компонент 5,9 миллионнан астам адамға егілді, ал екінші компонентпен 4,5 миллионға жуық адам вакцинацияланды. Бірақ бұл жеткіліксіз. Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстарында осы жылдың тамыз айына арналған егу жоспарының орындалуын қамтамасыз етіңізіздер", - деді Мамин үкімет отырысында.
Премьер-министр барлық аймақтардағы эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды. Асқар Мамин Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларына және Қарағанды облысына ерекше назар аударды.
"Халықтың шектеу шараларын сақтауын қамтамасыз ету қажет, әсіресе маска режимі қатаң сақталуы керек. Бұл үшін бақылау топтарының жұмысын жандандыру қажет, құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылуы тиіс", - деп қосты Асқар Мамин.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!