{metadescription}
Жамбыл облысында мерейтойын жасаған әкім жазаланды

Жамбыл облысында мерейтойын жасаған әкім жазаланды

Жамбыл облысында 60 жас мерейтойын туыстарының ықпалымен атап өткен аудан әкімі қатаң сөгіс түріндегі жауапкершілікке тартылды.

Әлеуметтік желіде бейнежазбасы тараған Байзақ ауданының әкімі Бақыт Қазанбасовтың қатысуымен өткен отбасылық мерекелік шара бойынша әкімнен түсініктеме алынған. Жамбыл облысы әкімінің міндет атқарушының 3 тамыздағы №173-Ж/Қ өкімімен Қазанбасовқа қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ, Жамбыл облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хатына сәйкес Бақыт Қазанбасовқа ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425 бабымен 87510 (сексен жеті мың бес жүз он) теңге көлемінде айыппұл салынып, төленген.

«Қазанбасовтың айтуынша, мерекелік іс-шараны оның туыстары ұйымдастырған. Аудан әкімі мерейтой туралы сол жерге келген кезде білген. Құттықтауларын тыңдап, үйге қайтқанын айтты. Оның айтуынша, бұл шараға тек жақын туыстары ғана қатысқан, барлығы 38 адам болған», – деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде