{metadescription}
Оқушылар дәстүрлі форматта білім алады

Оқушылар дәстүрлі форматта білім алады

Жаңа оқу жылында оқушылар дәстүрлі форматта білім алады.

Оқушылар мен педагогтердің қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету мәселелерін барынша тездетіп шешу қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты.

«Бүгін өте маңызды мәселені қарастырып отырмыз. Ол қазір әрбір отбасыны, барлық оқушылар мен студенттерді алаңдатып отыр. Биылғы оқу жылы денсаулық сақтау жүйесінің әзірлігі анағұрлым жақсы әрі халықты жаппай вакциналау жағдайында басталғалы отыр. Вакцина алған педагогтер жұмысқа кіріседі», - деді Үкімет басшысы.

Премьер-Министр білім беруді ұйымдастырудың неғұрлым қауіпсіз жүйесі мәселесі пысықталып жатқанын да баса айтты.

«Сондықтан білім берудің дәстүрлі форматына оралу туралы шешім қабылданды. Осыған орай оқушылар мен педагогтердің қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырушылық мәселелерді барынша тездетіп шешу қажет», - деді Асқар Мамин.

Барлық білім беру ұйымдарында педагогтер, қызметкерлер мен ата-аналар үшін Ashyq жүйесі енгізіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде