Мектепке классикалық стильдегі киіммен келуге де болады
Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында айтты.
11:41 11.08.2021
"Жаңа оқу жылында мектеп формасы бойынша талаптар негізінен сақталады. Бірақ пандемия жағдайына байланысты мектепке классикалық стильдегі ыңғайлы киіммен келуге де рұқсат беру бойынша шешім қабылданды", - деді ол.
Министр педагогтердің вакцина алуы туралы да айтып берді.
"9 тамыздағы жағдай бойынша білім мекемелеріндегі педагогтердің 93,1 пайызы және басқа қызметкерлердің 88,4 пайызы КВИ-ге қарсы вакцина алды. Студенттердің вакцина алуын ынталандыру бойынша университеттер бірқатар шара өткізіп жатыр. Оқу ақысын төмендету, ақысыз курстар ұйымдастыру мен путевкалар, сыйлықтар берілді", - деді ол.
Дереккөз: baq.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!