Цой жаңа оқу жылының ережелерін жариялады
Жаңа бекітілген ережелер білім беру форматын, тамақтандыру, аудиториялардың сыйымдылығы мен практикалық сабақтарға қатысты қойылатын талаптарды қамтиды.
12:48 11.08.2021
«2021 жылғы 5 тамызда білім беру нысандарына жаңа санитарлық ережелер бекітілді. Ол ережелерде оқыту форматы, тамақтануды ұйымдастыру, корпустардағы, аудитория мен акт залдарындағы, сондай-ақ жатақхана бөлмелерінде орынның толуы туралы талаптар қамтылған. Қолданыстағы заңнама мен эпидемиологиялық жағдайды есепке ала отырып, мектептердегі дәстүрлі оқыту форматына ауысу медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы үш ай ішінде ауырғандарды қоспағанда, педагогтер мен қызметкерлер 100% вакцина алған кезде мүмкін», - деді Цой Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, мұғалімдер мен басқа мектеп қызметкерлерін вакциналау жұмыстары аяқталуға жақын, ал 18 жастан асқан студенттерді вакциналау енді басталды. Өз кезегінде, аумақтық департаменттер мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын мониторингілеуді жалғастыруда.
«Оң тәжірибені ескере отырып, инфекция жұқтырғандарды, вакцина алмаған және педагогтер, қызметкерлер мен ата-ана қатарындағы байланыста болған адамдарды бақылау мақсатында мектептерге кірген кезде Ashyq қосымшасын пайдалану орынды деп ұсынамыз», - деп толықтырды Цой.
Мектепте карантин енгізілген жағдайда қашықтықтан оқытуға көшу бір инкубациялық кезеңдегі жағдайлардың санына, анықталған санитарлық-эпидемиологиялық режимнің бұзылуына, сондай-ақ науқаспен жақын байланыстағы адамдар санына байланысты сараланған түрде жүргізілетін болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!