{metadescription}
Теміртауда той қонақтары бақылау тобынан далаға қашқан

Теміртауда той қонақтары бақылау тобынан далаға қашқан

Карантин шараларын бұзудың тағы бір дерегі Теміртауда анықталды.

9 тамызда «102» басқару пультіне Металлургов даңғылындағы Grand Hall мейрамханасында мереке өтіп жатқаны туралы хабарлама түскен. Бақылау тобының мүшелері көрсетілген мекенжайға келгенде, мейрамхана әкімшілігі инспекторларды ішке кіргізуден бас тартқан. Тексерушілердің көзіне түспеу үшін қонақтар қызметтік кіреберістен шығып, далаға қашқан. Куәгер бұл әрекетті видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде бөлісті.

 «Мониторингтік топ келген соң факт расталды. Алайда, мекеме әкімшілігі ғимаратқа кіруге рұқсат беруден бас тартты. Келушілер мейрамханадан қосалқы кіреберіс (жертөле) арқылы жасырын түрде кете бастады», - деді Теміртау қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Гүлнұр Әбдіғалиева.

Теміртау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі бұл деректі растады. Департамент мәліметінше, мейрамхана иесіне 670 910 теңге айыппұл салынады.
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде