{metadescription}
Қарағанды облысының судьясы 9 жылға сотталды

Қарағанды облысының судьясы 9 жылға сотталды

Қарағанды облысының судьясы 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлық агенттігі хабарлайды. 2021 жылғы 10 тамызда Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының үкімімен Қарағанды облысы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Е.М. Ғабдуллин 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Ол «Оливия» ЖШС-нің заңгері Е.В. Кантер-Скрипкинаның Қарағанды қаласында жалға берілетін тұрғын үй құрылысы бойынша конкурстардың қорытындыларын жою туралы аталған Серіктестіктің талап-арыздарын қанағаттандырғаны үшін бірінші және апелляциялық сот инстанцияларының судьяларына 8 млн теңге мөлшерінде пара беру бойынша алаяқтық және арандатушылық жасады», - делінген хабарламада.

«Оливия» ЖШС-нің заңгері Е.В. Кантер-Скрипкина пара беруге әрекет жасағаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.