Ғалымдар алда келе жатқан апат белгілерін атады
Гренландия аралындағы жауған жауын климаттың күрт өзгеруінің айқын бейнесі.
20:14 26.08.2021
Жауын шашын 14 тамыз күні теңіз деңгейінен шамамен үш мың метр биіктікте жауған. Бұл Цельсийден жоғары немесе нөлден төмен температурада ғана болуы мүмкін дейді Дания метеорологиялық институтының қызметкері Мартин Стендель.
Екі мың жыл ішінде мұндай жылынудың тоғыз оқиғасы ғана тіркелген, олардың үшеуі соңғы он жылда тіркелген. Алайда, 2012 және 2019 жылдары ауа температурасы көтерілген тұста бұл жерлерде жаңбыр жаумаған, дейді мамандар.
"Алдыңғы алты рет жауын-шашынның болған немесе болмағанын нақты айта алмаймыз, бірақ мұндай құбылыстың орын алуы екіталай", - деп атап өтті Стендель.
Осы жылғы жазда Гренландияда рекордтық 20 градусқа дейінгі жылыну тіркелді. Жылу толқыны мұз қабатының еруін одан әрі жеделдетеді. Бұл құбылыс ғалымдардың алаңдаушылығын туғызып отыр, себебі Арктикада температура орташа әлемдік деңгейден тез жоғарылайды.
Аралды жауып жатқан мұз қабаты Франция көлемінен үш есе үлкен. Онда еріген жағдайда теңіз деңгейін жеті метрге көтеруге жеткілікті су көлемі бар, делінген мақалада.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!