Жамбыл облысында тұрғындар эвакуацияланып жатыр
Жамбыл облысы Байзақ ауданында әскери қоймада болған жарылыс қаупіне байланысты жақын маңдағы үй тұрғындарын эвакуациялау басталды.
21:46 26.08.2021
Бұл туралы Қорғаныс министрлігі өкілдері мәлімдеді.
"Байзақ ауданындағы әскери бөлімде 19.00 шамасында қоймалардың бірінің маңында өрт шықты. Бөлімнің өрт сөндірушілері іске кірісті. Оларға Жамбыл облыстық ТЖД өкілдері көмектесіп жатыр. Өрттің бір бөлігін оқшаулау мүмкін болды. Бұған қарамастан, өрт кезінде белгісіз заттар жарылды. Өрт шыққан орынды оқшаулау жұмыстары жалғасып жатыр. Өрт себебі анықталып жатыр. Қоймаларда инженерлік қару-жарақ сақталған. Олар алысқа ұшпайтын заттар", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, халықтың қауіпсіздігі мақсатында жақын маңдағы үй тұрғындарын эвакуациялау ұйғарылды. Оқиға орнына қорғаныс министрінің орынбасары бастаған комиссия аттанды. Олар ТЖ салдарын жоюмен айналысатыны айтылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!