Жамбыл облысындағы жарылыстан 32 адам зардап шекті
Тараз маңындағы жарылыстан 32 адам зардап шегіп, Тараз қалалық №1 ауруханасына түрлі жарақатымен жеткізілген.
22:31 26.08.2021
Медициналық көмекке жүгінген 32 зардап шегуші туралы мәліметтер бар, оның ішінде 10-ы әскери қызметші.
"Оқиға орнына 16 жедел медициналық жәрдем бригадасы жіберілді, алдын ала деректер бойынша сағат 21.00-дегі жағдай бойынша медициналық мекемелерге жеткізілген 7 адам зардап шекті. Құрылған жедел штабтың басшысы - облыс әкімі Б. Сапарбаевтың тапсырмасы бойынша қазіргі уақытта жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындарын эвакуациялау жүргізілді", - делінген хабарламада.
Жамбыл облысы әкімдігінен оқиға орнына өңір басшысының орынбасарлары Т. Ш. Мамаев, Д. Ж. Кәрібек бастаған жауапты тұлғалар жіберілгені айтылады.
"Тараз қаласының тұрғындарын үйден шықпауды және терезелерге жақындамауды сұраймыз. Қосымша ақпарат кейінірек хабарланады", - делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!