Қостанайдағы жойқын жарылыс: Екі адам ауруханада көз жұмды
Қостанайда тұрғын үйдің жертөлесінде болған жарылыстан зардап шеккен екі адам көз жұмды.
12:43 20.09.2021
"Өкінішке қарай, Бородин көшесіндегі жарылыстан зардап шеккендердің екеуі де күйік ауруынан көз жұмды. Олардың денесінің 90 пайыз және 60 пайызын күйік шалған болатын", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Қостанайдағы жекеменшік тұрғын үйдің жертөлесінде жарылыс болып, екі адам жансақтау бөліміне жеткізілгенін хабарлаған болатынбыз. Үйде үш ер адам монтаждау көбігімен жұмыс істеп жүрген, қабырғаны тығыздап жатқан. Белгілі болғандай, жертөледе жиналған газ-ауа қоспасы темекі түтінінен жарылған.
"1995 жылғы ер адамның басын, кеудесі мен аяқ-қолын үшінші дәрежелі күйік шалды, терісінің 80%-ы күйді. 1984 жылғы ер адамның терісінің 35%-ы күйді, басы, кеуде тұсы мен тыныс жолдарын үшінші дәрежелі күйік шалды. Екеуі де жансақтау бөлімінде жатыр", – деген болатын денсаулық басқармасы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!