{metadescription}
Алматылықты телефон сатып алмақ болған адам тонап кетті 

Алматылықты телефон сатып алмақ болған адам тонап кетті 

Жәбірленушінің айтуынша, ол өзінің “Iphone 12” ұялы телефонын сатуға қойған.

“Сатып алушы” жарнамаға жауап беріп, кездесуге ұсыныс жасады.

"Кешкі сағат 10 шамасында маған сатып алушы келді, мен телефонымды сатылымға қойдым. Ол 30 минут ішінде келді. Телефонды ұзақ қарап шықты. Бір кезде ол бетіме баллончиктен бірдеңені шашып, телефонды алып қашып кетті", - дейді жәбірленуші.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталды және ұсталды. Еш жерде жұмыс жасамайтын шаһардың тұрғыны болып шықты. Жас жігіт өз ісін мойындады. Телефон заттай айғақ ретінде тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 1-бөліміне сәйкес қылмыстық іс тергеліп жатыр. Оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда", - деп хабарлады Түрксіб аудандық Полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

"Мен қылмыстық іздестіру бөлімінің полиция қызметкерлеріне, тергеушіге осындай кәсіби шеберлік танытқаны үшін, тез әрекет еткені, тез жұмыс істегені және қылмысты жылдам ашқаны үшін ризашылығымды білдіргім келеді", - деді Алматы тұрғыны.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.