Ақтөбеде 4 жүкті келіншек коронавирустан көз жұмды
Ақтөбеде коронавирус инфекциясын жұқтырған төрт жүкті келіншек көз жұмды.
13:30 21.09.2021
Үшеуінің сәбиі аман қалды. Ақтөбеде инфекциялық кереуеттер жүктемесі 43, ал реанимациялық кереует жүктемесі 40 пайызды құрап отыр. Сонымен бірге 1700-ден астам кереует резервте тұр.
«Қазір ауруханадағы 800-ден астам науқастың 88-і жансақтау бөлімінде жатыр. Жыл басынан бері 521 адам көз жұмды. Оның 353-і коронавирус инфекциясы, өзгесі пневмониядан», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Күштаева.
Облыс бойынша жыл басынан бері 4 жүкті әйел коронавирус инфекциясынан көз жұмған.
«Өкінішке қарай 26-38 жас аралығындағы төрт жүкті әйел көз жұмды. Олардың жүктілігі 34-36 апталық еді. Аман-есен өмірге келген үш баланы қазір туған-туыстары тәрбиелеп жатыр. Біреуі шетінен кетті. Жас аналардың созылмалы ауруы бар болған соң олардың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Олар семіздік, созылмалы холецистит, пиелонефрит ауруларына шалдыққан», - деді Айгүл Күштаева.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!