{metadescription}
Алматыдағы атыс: қайтыс болған бесінші адам кім екені хабарланды

Алматыдағы атыс: қайтыс болған бесінші адам кім екені хабарланды

Алматыдағы қанды қырғында қаза тапқан бесінші адам үйдің жаңа иесінің досы болып шықты.

1967 жылы туған күдікті ұсталды. Қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды. Ол 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

"Ол үйдің жаңа иесінің досы болған және оқиға орнына куәгер ретінде еріп келген", - деді Таймерденов бейсенбі күні өткен брифингте.

Естеріңізге сала кетейік, 20 қыркүйек күні Алматының Алатау ауданындағы Ақбұлақ ықшам ауданында бес адамның өлтірілгені туралы белгілі болған. Ресми деректерге сүйенсек, сот шешімін орындаушылар екі адамның меншік құқығына қатысты дауға байланысты күдіктінің үйіне келген. Сот шешімімен естіген азамат үйінен  қару алып шығып, сот орындаушысына, учаскелік полиция инспекторларына және аулада болған басқа адамдарға қарудан оқ жаудырды. Нәтижесінде бес адам көз жұмған. Оның ішінде үйдің жаңа иесі мен тағы бір тұрғын бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде