Атыс кезінде қайтыс болған алматылық полицейдің бес баласы қалды
Үйді босатуға келіспеген ер адам аңшы мылтығымен оқ жаудырған.
12:24 21.09.2021
Карабин заңды түрде тіркелген. Полицейлерде табельді қару болған. Бірақ олар қызмет қаруын пайдаланбаған. Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов оққа ұшқан екі полицей туралы айтты.
"Дархан Сүлеев 2003 жылдан бері жұмыс істеп келеді. ІІМ Академиясын бітірген. Қазір оның артында бес баласы қалды. Қаза тапқан екінші қызметкер - Нұрбол Байғазиев. Оның артында екі баласы қалды. Ол 2014 жылдан бері полицияда жұмыс істейді. Екеуі де Ақбұлақ шағын ауданына қызмет көрсетеді. Екеуі де осы аудандағы тұрғындар тарапынан оң пікірге ие, жұмыстарына ешқандай шағымдар болған жоқ", - деп хабарлады Қанат Таймерденов.
Оның айтуынша, үйді босатуға келіспеген ер адам аңшы мылтығымен оқ жаудырған. Карабин заңды түрде тіркелген. Полицейлерде табельді қару болған. Бірақ олар қызмет қаруын пайдаланбаған.
"Құқық қорғаушылардың табельді қаруды не себепті қолданбағанын тергеу кезінде анықтаймыз", - деді Таймерденов арнайы брифингте.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі ("Екі және одан көп адамды өлтіру"), сондай-ақ, 380-бап ("Билік өкіліне шабуыл жасау") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
"Күдіктің өзі бұған дейін істі болмаған. Атыс кезінде үйде отбасы мүшелері отырған. Олардың ішінде кәмелеттік жасқа толмаған үш баласы бар. Барлығы үйде 7 адам болған", - деп атап көрсетті Таймерденов.
Қайтыс болған полиция қызметкерлерінің отбасыларына заң аясында көмек көрсетіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!