Елордада автобус жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетті
Елорда аумағында осы жылдың 4-13 қазан аралығында жолдағы апатты азайту, сондай-ақ жол ережесі бұзушылығының алдын алу мақсатында қоғамдық көліктерде «Автобус» жедел-профилактикалық шарасы жүргізіліп жатыр.
13:32 09.10.2021
Осы жылдың 8 қазанында сағат 12:10-да патрульдік полиция мамандандырылған батальонының қызметкерлері Тұран даңғылымен Сығанақ көшесіне қарай келе жатқан автобустың қарсы жолаққа шығып кеткенін анықтады. Автобус жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік кодексінің 596-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Жедел-профилактикалық шара басталғалы автобус жүргізушілерінің 300 бұзушылығы анықталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!