Атырауда Жайық жағасынан әйелдің денесі табылды
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 23 қазанда Жайық өзенінің жағасында белгісіз адамның жатқаны туралы хабар түскен.
14:23 24.10.2021
«Кеше, 23 қазанда сағат 08:04 шамасында Балықшы шағын ауданы мен Жұмыскер елді мекенін жалғайтын көпірдің астанда өзен жағасында белгісіз адамның денесі табылды. Өлі күйінде табылған 1968 жылғы әйел екені анықталды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!