Төбесіне металл конструкция құлаған астаналық әйел ауыр халде жатыр
Елордада дәрігерлер төбесіне металл конструкция құлаған әйелдің жағдайы туралы айтты.
09:39 26.10.2021
«Қазіргі уақытта науқас өте ауыр халде реанимация бөлімінде жатыр. Пациент дәрігерлердің жіті бақылауында. Қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.
Еске сала кетсек, 22 қазан күні Нұр-Сұлтанда көпқабатты үй шатырынан металл конструкциясы құлады. Оқыс оқиға салдарынан 56 жастағы әйел түрлі жарақат алып, жансақтау бөліміне түсті.
Сондай-ақ, қалалық Полиция департаменті болған оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалының басталғанын хабарлады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!