Цой коронавирус бойынша жаңа болжамды жариялады
Оптимистік сценарий орын алса, қарашада тәулігіне – 1500, желтоқсанда – 1100, қаңтарда 650 жағдай тіркеледі.
10:05 26.10.2021
Денсаулық сақтау министрлігі алдағы үш айға эпидемиологиялық жағдай болжамын жаңартты. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, пессимистік сценарий кезінде қараша айында тәулігіне орташа есеппен коронавирус жұқтырған 1800 адам, желтоқсанда – 2350, ал қаңтарда 3000 адам тіркеледі.
Реалистік сценарий кезінде қарашада тәулігіне – 1650, желтоқсанда 1600, қаңтарда 1500 адам індетке шалдығады деген болжам бар. Оптимистік сценарий орын алса, қарашада тәулігіне – 1500, желтоқсанда – 1100, қаңтарда 650 жағдай тіркеледі.
"Денсаулық сақтау министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, эпидемияға қарсы шараларды жүзеге асырып, мониторинг жүргізуде", - деді Цой үкімет отырысында.
Естеріңізге сала кетейік, коронавирус жұқтыру көрсеткіші бойынша бірнеше айдан бері "қызыл" аймақта тұрған Алматы қаласы "сары" аймаққа, Алматы облысы бірден "жасыл" аймаққа өтті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!