{metadescription}
0:000:00

Павлодар облысында үйінен кетіп қалған оқушы шөп жинайтын қорадан табылды

Павлодар облысында жетінші сынып оқушысы үйінен кетіп, қайтып оралмаған.

Ол араға бес сағат салып, өз үйінің ауласындағы шөп қорадан аман-есен табылды.

«Кеше шамамен сағат 16:00-де Малиновка орта мектебінің 7 сынып оқушысы үйінен кетіп, сол күйі оралмаған», - деп жазды Павлодар облысы Шарбақты ауданының әкімі Әзілхан Әбеуов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Полиция қызметкерлерінің жедел іс-қимылы мен Малиновка ауылы тұрғындарының атсалысуы арқасында бала сол күні сағат 22:50-де өз үйінің ауласындағы шөп қорадан дін аман табылған. Баланы медициналық қызметкерлер тексеріп шықты, деп нақтылады аудан әкімі.

«Іздеу жұмыстарына атсалысқандардың барлығына алғысымды білдіремін. Құрметті жерлестер, өз балаларыңызға абай болыңыз», - деп жазды Ә. Әбеуов.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде