{metadescription}
Алматыда 21 жастағы алаяқ сатушыларды жалған түбіртекпен алдап кетті

Алматыда 21 жастағы алаяқ сатушыларды жалған түбіртекпен алдап кетті

Тәртіп сақшылардың айтуынша, У.есімді азамат интернеттен “Iphone” маркалы ұялы телефондарды сату туралы жарнамаларды тапқан.

"Ол сатушылармен алдын-ала кездесуге келісіп, хабарландыруда көрсетілген сомаға жалған онлайн-аударым түбіртегін дайындаған, яғни қаскөй кездесуге дайындалып келген. Қылмыстық жолмен алынған ұялы телефондарды үшінші тұлғаларға сатқан. Ал түскен қаражатты өз қалауы бойынша пайдаланған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 21 жастағы күдікті қолға түсті. Қазір оның қатысуымен төрт алаяқтық фактісі дәлелденді. Қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлімі бойынша қозғалды", – деп хабарлады, Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Күдікті қазір уақытша ұстау изоляторында. Полиция қызметкерлері алданғандардың көбірек болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.  

"Ұсталған адамның суретіне мұқият қарауларыңызды сұраймыз. Осы азаматтың әрекетінен зардап шеккендердің барлығын мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуларын сұраймыз: 8-708-707-9202; 8-705-555-7763; 8-775-719-2727", – деді Е.Ысқақов.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.