Алматы облысында жаппай төбелес болды
Полиция жағдай бақылауда екенін хабарлады.
09:03 28.10.2021
Әлеуметтік желіде Пенжім ауылында болған төбелес пен тәртіпсіздік видеосы тараған болатын. Алматы облысы полициясы сәрсенбі күні кешке Пенжім ауылында болған тәртіпсіздікке қатысты түсініктеме берді. Ведомство ақпаратына сәйкес, 27 қазанда Панфилов ауданындағы орталық ауруханаға дене жарақатымен 16 жастағы оқушы жеткізілген.
Тексеріс кезінде 9-шы және 10-сынып оқушылары сөзге келіп қалып, төбелес болғаны анықталды. Қылмыстық кодекстің 106-бабы 2-бөлігі ("денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") бойынша қылмыстық іс тіркелді. Жанжалға қатысушылардың бәрі анықталды. Қазіргі уақытта зардап шеккен баланың жағдайы тұрақты, қажетті медициналық көмек көрсетілген.
Ауыл тұрғындарымен аудан әкімі, Алматы облысы полиция департаментінің бастығы және ақсақалдар кездесті. Қазіргі уақытта жағдай бақылауда екені хабарланып отыр.
Әлеуметтік желіде Пенжім ауылында болған төбелес пен тәртіпсіздік видеосы тараған болатын. Кадрда елді мекенде тәртіпсіздіктер кезінде әдейі өрт қою жағдайлары да болғаны көрінеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!