Павлодарда ер адамды ұрлап кеткен төрт күдікті анықталды
25 қазан сағат 19.50-де Павлодар қаласының полициясына такси жүргізушісінен оның жолаушысын белгісіз үш жігіт басқа көлікке отырғызып, алып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.
11:00 28.10.2021
Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы Павлодар қаласының 21 жастағы тұрғынын Lada Priora автокөлігіне отырғызып, белгісіз адамдардың белгісіз бағытта қашып кеткенін анықтады. Такси жүргізушісінің сипаттамасы бойынша бағдар жасалды. Дереу “ұстап алу” жоспары енгізілді, өңірдің жеке құрамы мен жақын маңдағы облыстардың Полиция департаменттері бағдарланды.
" Жедел-іздестіру іс-шаралары кешенін жүргізу нәтижесінде 26 қазан сағат 01.20 шамасында Қарағанды облысы Молодежное ауылының маңында күдікті көлікті Павлодар және Қарағанды облыстарының полиция қызметкерлері ұстады", – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.
Полиция 2000-2001 жылдары туған төрт күдікті адамның ұсталғанын атап өтті. Автокөлік арнайы айып тұрағына қамалды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 125-бабы 2-тармағы 1-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Істің мән-жайы мен себептері анықталуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!