{metadescription}
Маңғыстау облысында бес әскери қызметкер жарақат алды

Маңғыстау облысында бес әскери қызметкер жарақат алды

Дәрігерлер әскери қызметкерлердің жағдайын қанағаттанарлық деп бағалап отыр

Маңғыстау облысында оқу-жаттығу полигонын жоспарлы тазалау кезінде бес әскери қызметкер жарақаттанды. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Оқиға 27 қазанда болған.

"Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу полигонын жоспарлы тазалау барысында бес әскери қызметкер жарақат алды. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлер әскери қызметкерлердің жағдайын қанағаттанарлық деп бағалауда", - делінген хабарламада.

Бұл факті бойынша тексеріс басталды.

Дереккөз: sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде