{metadescription}
Қызылорда тәртіп сақшылары жоғалған 12 жасар баланы тапты

Қызылорда тәртіп сақшылары жоғалған 12 жасар баланы тапты

15 қазанда жергілікті уақытпен сағат 19:30 шамасында Қызылорда облысы Төретам кентінің Құлқашев көшесінің қиылысында орналасқан “Автовокзал” бекетінде 12 жастағы баласын таба алмай қалған әкесі патрульдеуде жүрген тәртіп сақшылары Нұрғали Сәрсембаев және Алмас Каюповтен көмек сұраған.

Әкесінің айтуынша, сол кеште ұлы екеуі Қызылорда қаласынан бағыт алған автобустан қызын күтіп алуға келген. “Автовокзал” бекетіне келгенде ұлы сол алаңда болған, ал қызын күтіп алған соң, жан жаққа қараса, баласының жоқ екендігін байқаған. Қызметтерін атқарып жүрген ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің қызметкерлері болған жайтқа бірден назар аударып, учаскелік полиция инспекторына және мобильді топтарға дереу қоңырау шалып, баланы табуға тиісті шаралар қабылдады.

Тәртіп сақшылары аулаларды тексеріп, тұрғындардан жоғалған бала туралы сұрастырып, баланы жақын маңдағы Жанқожа батыр көшесінен тапқан. Өз кезегінде жоғалған баланың әкесі ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің полицейлеріне алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде