{metadescription}
Ақтөбеде 15 сынып карантинге жіберілді

Ақтөбеде 15 сынып карантинге жіберілді

Жаңа оқу жылы басталғаннан бері Ақтөбе облысында 800 баладан коронавирус инфекциясы анықталды.

Қазіргі кезде өңірде 15 сынып карантинде. Ақтөбе облысы бойынша бір тәулікте 20 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның көбі дерттің симптомды түріне шалдыққан. Қазіргі кезде барлығы 154 адам ем қабылдап жатыр. Оның 21-і жансақтау бөлімінде.

«Коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастардың төртеуі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Балалар туралы айтар болсам, 36-ы дәрігерлер бақылауында. Сонымен бірге 14 жүкті әйел де вирус жұқтырған. Қазіргі кезде жағдай тұрақты. Инфекциялық төсек-орын жүктемесі 42,2%, ал жансақтау бөліміндегі жүктеме 38,2 % құрап отыр», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.

Ақтөбеде әлі де 8 мыңнан астам адам үй карантинінде, деп жазады ҚазАқпарат.

«1 қыркүйектен бастап бүгінге дейін мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеленетін 53 баладан вирус анықталды. Бүгінде барлығы 4 топ карантинінде. Ал 1 қыркүйектен бастап 800 оқушының бойынан вирус табылды. Қазіргі кезде 15 сынып карантинге жіберілді», - деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Гүлбану Дәулетова.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде